Бүгінгі жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды көздейтін рухани дүниесі кең тұлғаны, отансүйгіш азаматтың «мен» тұлғасын қалыптастыру мақсатында мамыр айының 16 күні «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымының І аудандық слеті өтті.
Бұл шараға  35 білім беру ұйымынан 220 ауданымыздың «Жас ұлан» ұйымының мүшелері мен мектеп тәлімгерлері қатысты. Осы күні мектеп белсенділері, өнерлі өнерпаздар, олимпиада жеңімпаздары, оқу үздіктері, спорт жеңімпаздары «ЖасҰлан» ұйымына қабылданды.
Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай, сақтай отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге» салтанатты түрде ант бере отырып,  гимні шырқалды. «ЖасҰлан» ұйымына қабылданған оқушыларды аудан әкімі Мақсұтов Халел Мұқатайұлы  құттықтап, жылы лебізін білдіріп, мойындарына көгілдір галустук пен төсбелгілерін тақты. Соңы  Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жас Ұлан» ұйымының мерекелік концерттік бағдарламасымен және кешкілік от алауын жағумен жалғасты.
«ЖасҰлан» ұйымына  қабылданған  оқушылардан  болашақта елін, жерін сүйетін, Отанын қорғайтын  азамат пен азаматшалар  шығады  деген  ойдамыз. Мұндай  игі шара әлі де жалғасын табады.

Білім бөлімінің әдіскері Рымбекова А.Е. 
18.05.2015ж.