«Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімі» ММ Қарқаралы ауданында орналасқан 30 орынға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Қарқаралы ауданында мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімнің өткізілетіні туралы хабарлайды.
Құжаттарды қабылдау конкурстық рәсімнің өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды мемлекеттік органның электрондық форматтағы электронды поштасына жібереді. Қажетті құжаттардың тізбесі ҚР Оқу ағарту министрлігінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білімге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында айқындалған.
Мектепке дейінгі ұйымдар өтінішті жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттама туралы анықтамалар нөмірін көрсетеді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар Қарқаралы қаласы, Ә.Бөкейханов көшесі, 55 мекен-жайы бойынша 05-09 тамыз сағат 17.00-ге дейін қаралады.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады 8/72146/31922
| № | Название | Скачать |
|---|---|---|
| 1 | 2012 ж. Мемлекеттік сатып алулар | docx |
| 2 | 2013 ж. Мемлекеттік сатып алулар | docx |
| 3 | 2014 ж. Мемлекеттік сатып алулар | docx |
| 4 | 2015 ж. Мемлекеттік сатып алулар | docx |
| 5 | 2016 ж. Мемлекеттік сатып алулар | docx |
| 6 | 2017 ж. Мемлекеттік сатып алулар | docx |
| 7 | 2018 ж. Мемлекеттік сатып алулар | docx |
| 8 | 2019 ж. Мемлекеттік сатып алулар | docx |









