Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру бойынша тапсырмасын орындау барысында,

Қарқаралы ауданы әкімшілігінің қолдауымен аудан мектептерінің базасында 14 маусымнан бастап 14-тен 74 жас аралығындағы азаматтар үшін компьютерлік сауаттылықты арттыру тегін курстары өткізіледі. Курс соңында сертификат беріледі. Үкімет тұрғындарды осы инициативаға қолдау көрсетуге шақырады. Курсқа тіркелу үшін бөлімнің 8(872146)31171, 31375 нөмірлеріне немесе өз қала, округтарыныздың мектептеріне хабарласуыңызды сұраймыз.