Қарқаралы аудандық білімді дамыту орталығының әдіскері Д.Б.Бектемированың 2012-2013 оқу жылында атқарылатын жұмыстарының жоспары бойынша 2012 жылдың қараша айының 30 күні өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті. 
Семинар тақырыбы: «Өзін-өзі тану пәнін оқытуда интерактивті технологияларды қолдану». Мақсаты: «Интерактивті технологияларды қолдану арқылы өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін арттыру. Эпиграф ретінде С.Н.Назарбаеваның сөздері: «Әрқайсымыздың өз жолымыз, өмірлік өз міндетіміз бар, бәрімізге ортақ бір міндет – жан дүниеміздегі махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам болып қалу!»
Семинар жұмысы басталмас бұрын мұғалімдер семинар бағдарламасымен таныстырылды, екі топқа бөлінді. Семинар 4 кезеңнен тұрды. Алғашқы бөлімінде №1 о.м. өзін-өзі тану пәні мұғалімі З.А.Мырсамыкова мұғалімдермен «Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің қажеттіліктерін анықтау» тақырыбымен тренинг өткізді. Осы тренинг арқылы мұғалімдер өздерінің даярлығы, шабыты қандай болса, оқушылардың да ынта, дайындығы соншалықты екенін түсінді. Материалдық-техникалық базасының  мектептерде болмағанына қарамастан осы пәннің өткізілуі мұғалімнің жауапкершілігі мен ізденісіне тікелей байланысты.
Екінші кезеңінде кезек мастер-класстарға берілді. Бұл семинардың ерекшелігі басқа мектептерде сабақ беретін өзін-өзі тану пәні мұғалімдері №16 о.м. мұғалімі М.Р.Өмірбаева мен №44 о.м. мұғалімі Г.А.Исина сабақ өткізді, екінші сабақтарды №1 о.м. мұғалімдері З.А.Мырсамыкова мен М.Б.Қыстаубаевалар өткізді. 4 сыныптағы сабақ «Қуаныш-жан шуағы» тақырыбымен өтті. Сабақтың мазмұны: бақыт, сыйластық, махаббат құндылықтары туралы түсінік беру. Қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәні, өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерлікткері деп табылады. 7 сыныптағы сабақтың тақырыбы «Өзімді тану-өмірді тану». Мазмұны: адамның өзін-өзі тануы, өмірді түсінуі, бағалауы, түсініктерінің кеңейтілуі. 6 сыныпта сабақ «Әсемділікке ұмтылайық» тақырыбымен өтті. Мазмұны: адамның ішкі дүниесі мен сыртқы келбетінің, сөзі мен ісінің үйлесімді болуы. 10 сыныптағы сабақтың тақырыбы «Дені саудың-жаны сау», мазмұны: денсаулықты сақтау және нығайту, өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу. Мұғалімдердің сабақтары жоғары деңгейде өтті. Мұғалімдер сабақ өткізудегі өздерінің машық, тәсілдерін көрсетті. Сабақтар мультимедия, информатика кабинеттерінде өткізілді. Сабақ барысында слайдтар арқылы презентациялар жасалынды, «Шаттық шеңбері», «Сабақтың дәйексөзі», «Тыныштық сәті», «Сергіту сәті», сурет салу, сурет арқылы өз ойларын жеткізу, топтық жұмыс, пікірталас, жалпы мұғалімдер көптеген әдіс-тәсілдерді қолданды.  Оқушылардың осы пәнге деген қызығушылықтарының өте жақсы екендігі байқалды. Себебі сабақ барысында оқушылар ашылып сөйлеп, сұрақ қойғанда үнсіздік танытқан емес, өз ойларын еркін түрде жеткізе алатын жағдайға жетті. Оқушылар осы сабақты тосып, үлкен дайындықпен келетіндері, әр сабақта белсенділік танытуға тырысатындығы туралы айтты.
Үшінші кезеңі «Диалог алаңы» тақырыбымен өтті. Бұнда №1,2,16,44 о.м. мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, дайындаған слайдтарын көрсетті. Өзін-өзі тану пәніне арналған оқушылардың портфолио, мұғалімнің құжаттары, іс-шаралар туралы көптеген пайдалы кеңестер мен әдістемелік көмек берілді.
Төртінші кезеңде қатысушылар семинар жұмысын талдауға көшті. Біріншіден мұғалімдерге «Соңғы баға» сауалнамасы таратылды. Мұғалімдер 7 сыныпта сабақ өткізген №44 о.м. мұғалімі Г.А.Исина, 5 сыныпта сабақ берген №1о.м. мұғалімі М.Б.Қыстаубаева, 10 сыныпта өткізген осы мектептің мұғалімі З.А.Мырсамыкова, 4 сыныпта мастер-класс көрсеткен №16 о.м. мұғалімі М.Р.Өмірбаевалардың сабақтарын жоғары  бағалады. Мұғалімдер сабақтарында жаңашыл технология элементтерін енгізіп, интербелсенді тақтамен және басқа да оқу процессіне тиімді деп тапқан құрал-жабдықтармен сабақтарын түрлендірді. Семинарға қатысушылар осы семинар бойынша көптеген жақсы лебіздерін білдірді. Осындай семинардың маңыздылығы, заманауи технологияны қолданудың қажеттілігі туралы жақсы пікірлерін танытты. Семинардың кезеңдері бір-бірімен байланысты,  қызықты материалдар мен әдіс-тәсілдер, жан-жақты ұйымдастырылды – деген пікірлер болды. Қарқаралы аудандық білімді дамыту орталығының әдіскері Д.Б.Бектемирова