Қарқаралы қаласының аудандық білімді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Дін және білім» тақырыбында аудандық семинар Мәди Бәпиұлы атындағы ЖОББ №44 мектептің мәжіліс залында өтті.
Ауқымды шараға Қарқаралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Халел Дулат Қанышұлы, Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының терроризмге қарсы күрес комиссиясының бас маманы Ш.Шәріп, аудандық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау секторының мамандары Хасенов Амантай Мұратұлы, Анзабеков Әміржан Әшімұлы, Әбеуов Әлиасқар Қапанұлы және ауданның білім беру ұйымдарының тарих, зайырлылық және дінтану негіздері пәндерінің мұғалімдері қатысты.
Басқосудың мақсаты – тыңдаушыларға зайырлылық қағидатын мемлекет тұрақтылығының басты факторы ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету, діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай – күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан – жақты білімін қалыптастыру.
Алғашқы болып аудандық білімді дамыту орталығы директорының орынбасары Қ. Ж. Мусилимов семинарды ашты. «Бүгінгі таңда еліміздегі дін саласында туындап жатқан сұрақтар өте көп. Теріс пиғылды діни ағымдардың кесірінен кетіп жатқан жастарымыз да аз емес. Әрине мұның барлығы азаматтарымыздың, соның ішінде жас буынның діни тұрғыда сауатының төмен болуы, рухани иммунитетінің әлсіз болуы-бірден бір себеп болып отыр.Білім беру саласында жүрген мамандар мен мұғалімдердің дін саласындағы білімі мен біліктілігін арттыру маңызды болғандықтан, үлкен форматта семинар өткізуді қолға алдық»,-дейді шараны ұйымдастырушы аудандық білімді дамыту орталығы директорының орынбасары Қ. Ж. Мусилимов.
Келесі кезекте сөз аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Халел Дулат Қанышұлына берілді. Ауданда азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын, әртүрлі діни сенімдегі діни бірлестіктер арасындағы өз¬ара түсіністікті, төзімділікті нығайту, олардың мемлекетпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жұмыстары атқырылуда. Қоғамды діни сауаттандырудағы, жалған ді¬ни ағымдарға арбалғандарға көмек берудегі теологтардың алар орны ерекше. Бүгінде өңірде діни ахуал бірқалыпты дамуда. Бұл, әрине, мемлекеттің дін саласындағы саясатының, оны жүзеге асы¬рудағы оңтайлы жолдарды жү¬зеге асыра білуінің нәтижесі екендігі анық. Діни алауыздық пен радикализмнің жолына тосқауыл қойып, экстремизм мен лаңкестік көріністеріне жол бермеуде мемлекеттік құ¬зырлы органдар, діни бір¬лестіктер, қоғамдық ұйымдар жұмыла қызмет етіп жатқанын тілге тиек етті.
Сөз конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау секторының маманы Амантай Хасеновке берілді. Басты мақсат – елдегі дін саласына қатысты мемлекеттік саясатты халық арасында насихаттау, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру, олардан зардап шеккендерге кө¬мек көрсету, дін саласына қа¬тысты әлеуметтік-зерттеулер, ғылыми-талдау жұмыстарын ұйымдастыру. «Дін – рухани мәдениет феномені, ол қоғамдағы кез келген феноменнен анағұрлым бай, маңызды және ықпалды. Дін мәселесін дінилендіру де, зайырландыру да емес, руханиландыру қажет. Бізде осы мәселеге қатысты біржақты көзқарастар белең алуда. Дін мәселесін руханиландыру орнына зайырландыру кері нәтиже береді. Дінді руханиландыру арқылы мәңгілік идеяларға, зайырлылық идеяларына пайдалануға болады. Сол арқылы барлық жоғалтқанымызды түгендеп, мызғымас құндылықтар қалыптастыра аламыз»,- дейді өз сөзінде А. Хасенов.
Келесі болып сөз алған Қарқаралы қаласындағы академик О. А. Жаутыков атындағы ЖББ №1 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі К. М. Омарбеков «Зайырлылық және дінтану негіздері пәнін оқытудың ерекшеліктері және шешу жолдары» тақырыбындағы баяндамасында оқулықта кеткен біршама қателіктерге тоқталды. Пәнді оқыту барысында пән мұғалімдері осы қателіктерді ескеріп, жол бермеу мақсатында жіберілген қателіктер толығымен көрсетілді.
Қарағайлы кентіндегі ЖОББ №16 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.О.Тусупбеков «Дәстүрлі ислам дінінің құндылықтары» тақырыбындағы баяндамасында «Алдымен «Дәстүрлі ислам» және «Исламдық радикализм» деген ұғымдарды анықтап алғанымыз дұрыс болар деп ойлаймын. Қазақстандық мұсылмандар үшін дәстүрлі ислам – осы елдің байырғы халқы ықылым замандарда қабылдаған, оның ұлттық салт-санасымен, мәдениетімен, дүниеге көзқарасымен етене қабысып кеткен, өз іші түгіл, өзге ұлт өкілдерімен де бейбіт, өзара тату өмір сүруді дәріптейтін, Отанға адал, қандай да бір саяси мақсатқа ұмтылмайтын байсалды дін. Исламның қазақ даласына таралуына ықпалын тигізген ұлы әл-Фараби, Ясауи, Абай, Шәкәрім секілді тұлғалардың мәртебесін жастардың арасында көтеріп, дәріптеу үшін олардың негізгі түпнұсқа еңбектерін жаңғыртып, ағарту шараларын ұйымдастыру керек деп қорытындылады.
Дін атын жамылып, дәстүрлі құндылықтарға сына қағып жүрген қазіргі мәселе жайында Егіндібұлақ ауылындағы Қ. Смайылов атындағы ЖОББ №43 мектебінің базасындағы тірек мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Б. Р. Сағатов «Деструктивті діни ағымдар, діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында баяндамасын көпшілікпен бөлісті.
Семинарға қатысушылар атынан пікірлері мен ұсыныстарын жеткізе отырып, бүгінгі күнде келешек ұрпақтың алдында ұятқа қалмау үшін келелі істер істеп, дінге адал қызмет етіп, ұлтты имандылыққа ұйыту жолында бірлесе жұмыс жасаудың маңызды екендігіне аудандық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау секторының маманы Анзабеков Әміржан Әшімұлы тоқталды. Жиынға қатысушылардың бірі Көктас ауылындағы ЖББ №4 орта мектептің директоры Д.Ж.Тұрсынбаев ұлт бойындағы жоғалмаған рухани әлеуетті пайдаланып, жат мәдениет ықпалына көзсіз ермей, радикалды идеологияның жетегінде кетуге қарсы тұратын бірден бір күш – қазақы дәстүрлі құндылықтарымызды берік ұстануға шақырды.
Халықтың көкейтесті сұрақтарынан кейін семинар жұмысын ұйымдастырған аудандық білімді дамыту орталығы директорының орынбасары Қ. Ж. Мусилимов барша баяндамашыларға алғысын білдірді. Ғұламаларымыз «үш түрлі адам қоғамды құртады. Шала дəрігер, шала молда, шала тіл маманы. Шала дəрігер денсаулықты құртса, шала молда дінді бұзады, ал тіл маманы тілді бұзады. Бұл үшеуі бұзылса, қоғам бұзылады» демекші, заманға сай, дұрыс бағыт бере алатын осындай азаматтардың семинарға келіп, ойларын ортаға салғандарына рахметін жеткізді. Күн түспеген жер ылғалданып, өзінен-өзі бұзылып, иістеніп жатады. Сол сияқты адамзат санасының білмеушілігі күндердің күнінде өзінің əсерін тигізіп, жолдан тайдырады. Семинар ұйымдастырушысы Қайрат Жолжақсыұлының хабарлауымен аяқталған жиын талай көлеңкелі санаға жарық түсіреді деп үміттенеміз.
О. А. Жаутыков атындағы жалпы білім беретін
№1 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі: К. М. Омарбековф









