Қарқаралы ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы қорғаншылыққамқоршылық органының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы аясында адамның құқықтары саласында құқықтық мәдениеттерін арттыру және баланың,

адамның құқықтарын қорғауға өскелен ұрпақты тарту мақсатымен 2011 жылдың 1 қарашасынан 9 желтоқсанға дейін «Өз құқықтарымды қорғаймын» атты байқау өтті.
Байқау жеткіншектерде белсенділік позициясын және балалар мен жастар ортасында әлеуметтік бастаманы дамытуға; баланы еліміздің тең азаматы ретінде қоғамда қалыптастыруға, балалар мен ересектердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.
Аталған іс-шараға белсенді қатысқандар: Шорман Мадина, Қаратаева Ажар (№1 ом),  Тохметова Арайлым (№2 ом),  Ербол Арғын (№8 ом),  Бибек Дархан, Айтжанов Темірлан (№9 ом), Темірбек Ұлан, Сләм Жанайдар (№11 нм), Қабдолла Жұлдыз, Ыдырыс Мерхат (№15 ом), Айтжан Зәбира (№16 ом), Рысбек Сұнғат, Айтбай Рауан, Төлеу Әйгерім (№19 ом), Шәймерден Айгерім, Төлеу Ақерке, Баянов Ержан (№44 ом). №12, 22 орта мектептердің жеке баланың жұмысы болған жоқ, тек мектепте мұғалім өткізген іс-шаралар жолданыпты. Байқауға қатыспаған қалған мектептердің әкімшілігінің жұмысы жеткіліксіз болып, бір де бір баланың шығармашылық жұмыстары ұсынылған жоқ. Байқауға барлығы 11 мектептен 17 бала қатысты. Бұл аудан бойынша төмен көрсеткіш. Жеке тұлғаның бойында аяушылық және көңіл білдіру сияқты эмоционалді-моральді-этикалық жағдайлардың басым дамытылуын көздейтін құндылықтарды тәрбиелеу-біздің мақсатымыздын бірі.
Облыстық Балалардың құқықтарын қорғау департаменті біздің ауданымыздың үш баланың жұмысын жоғары бағалап, Қарағайлы кентіндегі №16 орта мектептің 11 сынып оқушысы Айтжан Зәбираға І орын, Матақ ауылындағы №15 орта мектептің 10 сынып оқушысы Ыдырыс Мерхатқа ІІ орын, осы мектептің 9 сынып оқушысы Қабдолла Жұлдызға ІІІ орын белгіледі. Құттықтаймыз!
Байқауға қатысқан барлық балаларға, бағыт-бағдар берген жетекшілеріне, өз мәнінде жұмысты ұйымдастырған мектеп әкімшілігіне қорғаншылыққамқоршылық органы алғысын білдіреді.
Тағыда бір жаңалық: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластыра «Бала қолынан-бала жүрегіне» балалар шығармашылығының облыстық қайырымдылық сырттай көрме-сайысының өткізілуде.  Байқаудың мақсаты мен міндеттері: ата-ана қамқорлығынсыз қалған мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету және рухани-тәрбиелік аяны жасау және дамыту, патриотизм сезімін тәрбиелеу. Әрбір балада өзінің жеке бейнелеу-эстетикалық шығармашылығы процесімен қызықтыру арқылы шығармашылық потенциалын анықтау және дамыту; гуманистік бағыттағы белсенді жеке азаматтық позициясын жасауға қолдау көрсету; мәдени-қоғамдық қалыптастыру мен тұлғалар арасындағы қарым-қатынасқа үйренуге үлес қосу; балалардың, ата-аналар мен ұстаздар қоғамының, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың назарын балалардың проблемаларына аудару.
   Байқау төрт жас топтарымен өткізіледі:
1 топ – мектепке дейінгі мекемелерінің тәрбиеленушілері ата-аналарының қолдауымен
2 топ  - 7-ден 10 жас аралығында
3 топ – 11-ден 14 жас аралығында /қоса алғанда/
4 топ  - 15- тен 17 жас аралығында /қоса алғанда/
Ұсынылатын жұмыстардың шарттары:

  • Жұмыстарға шығармашылық тұрғыдан қарау;
  • Көркемдік талғам, ұлттық дәстүрді сақтау және білу;
  • Жұмысты жасауда дәстүр мен озық ойды үйлестіре білу;
  • Бұйымдарды жасауда қолданылатын материалдарды пайдаланғанда қиялды қосу, таңдалған техниканы жақсы меңгеру;
  • Жұмысты эстетикалық безендіру, жасқа сай келу;
  • Белгілі материалдарды дәстүрден тыс пайдалану, жаңа технология мен материалдарды пайдалану;
  • Ұлттық нақыштың айқын көрінуі.

 Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

  • Декоративті-қолданбалы шығармашылық;
  • Ағашпен жұмыс/кесу, жазу салу, береста, маркетри;
  • Сазбен жұмыс/кіші формалардың керамика, скульптурасы;
  • Былғарымен жұмыс/суреттер, галантерея, сәндік бұйым;
  • Тігін жұмысы / гобелен, кружево, құрақ құрау;
  • Темірмен жұмыс/ чеканка, зергер өнері;
  • Табиғи материалдар /соломка, лоза, тростник.

 Байқауға қатысудың шарттары:

  • байқауға жіберілген жұмыстар кері қайтарылмайды;
  • талапқа сай емес жұмыстар қарастырылмайды;
  • байқауға ұсынылған жұмыстарға қатысушының аты-жөні, жасы көрсетілген жазу бекітілуі тиіс. Жеке қағазда келесі ақпарат беріледі: Қатысушының аты-жөні, туған күні,  мекен-жайы, білім беру мекемесінің атауы, адресі және телефоны, басшының аты-жөні/барлығы толығымен/;
  • аймақтық іріктеу сайыстары 16.01.-20.01.2012ж. аралығында өтеді;
  • 10 байқаулық жұмысты Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау Департаментіне 2012 жылдың 23 қантарға  дейін жолданады.  Мекен  жайымыз: Қарқаралы қаласы, А.Бөкейханов  көшесі, 55 үй, №7 кабинет.
  • облыс жеңімпаздарының экспонаттары облыс сурет өнер мұражайында көрмеде  көрсетіледі;
  • облыс жеңімпаздары Қарағанды қаласында өтетін салтанатты рәсімге қатысу үшін шақырылатын болады;
  • ең үздік жұмыстар қайырымдылық аукционға қатысады. Аукцион барысында түскен қаражат қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады;
  • жеңімпаздардың жұмыстары Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ресми сайтында www.bala-zan.kz орналастырылады;
  • ең үздік жұмыстардың авторлары алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталады;
  • ең үздік жұмыстар авторларының басшылары алғыс хаттармен марапатталады;

Бала құқығын қорғау жөніндегі
бас маман М.Е.Искакова
26.12.2011 жыл

Жүлделі орын алған ен үздік жұмыстар
       1.  «Мен және қоғам». №16 орта мектеп, 11 «А» сынып оқушысы Айтжан Зәбира, жетекшісі:Нуржанова А.Г.
Дүниеге келген әрбір бала – ерекше тұлға, дербес индивид. Әр баланың өзіндік аты, түсінігі, көзқарасы қалыптаса бастауы оның дүниеге келген ортасына байланысты. Балалық әлемде қатігездікке жол, зорлыққа орын жоқ!  «Бала - балдаурен көңілі» демекші, ол әлемде тек күлкі, қуаныш, мейірім, жақсылық сияқты ұғымдар ғана өмір сүреді. Өкініштісі балалықтың бал әлемінде де зорлық, қатыгездік жауыздықтың орын алатындығы. Бала қашан да үлкедерден жақсылық пен көмек күтеді. Олардың қамқорында, аялы алақанында болғысы келеді. Дегенмен кей жағдайда балалар отбасында, қоғамдық орындарда зорлықтық куәсі болады. Кейде өздері де сол зорлықтың құрбаны болып жатады.
Бүгінде әлем қауымдыастығы бала құқығын қолдау мен қорғау мәселесіне 
алаңдаушылық білдіруде.
Осыған орай 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында балалар құқығы туралы конвенция қабылданды. Міне осы күні 20 қараша күні жыл сайын балалар құқығы күні деп аталып өтілуде. Бұл құжатта: балалардың тең құқықтылығы, балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат, баланың негізгі құқықтары мен мідеттері, ата-анасының қамқоршылығынсыз қалған баланың құқықтары, мүгедек баланың құқықтар, бала және қоғам,  бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер етуден ерекшеліктері туралы жазылған.
Бүгінгі бала - болашағымыздың бас көтерер үлкен азаматы. Сондықтан конвенцияда айтылғандай әрбір бала ата-анасының жылу мейірімін көріп, тәрбиеленуге құқылы. «Жас бала жаңа өркен жая бастаған жасыл ағаш тәрізді» дейді дана халқымыз. Жерге отырғызылған жас көшет те тамыры тереңдей, жапырағы жайқалып үлкейгенше, мәпелеп күтіп, үзбей қарауды керек етеді. Адам да - солай.
Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұл қасиеттерді адам бойына жастайынан мінез-құлқының ережесі етіп қалыптастыру - тәрбиеге байланысты. Қазақ халқы осыны жақсы түсініп, жастарды отбасында кішіпейілділікке, ізеттілік- ке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған.
Ұлы ғалым Әл-Фараби бабамыз өзінің еңбегінде: «Баланың жаны мен тәнін тәр - биелеуді бесіктен бастаған абзал» - десе,  Абай атамыз: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы, сондайды білгені, көргені көп болған адам білімді болады», - дейді өзінің қара сөздерінде.
Жақсы мен жаманды бала сырттан алмайды, көбіне ол отбасында көргенін алады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»-деген халық даналығы - осының дәлелі.
«Баламыздың әрбір ерке мінезі, қылығы ертең өзіне зардабын тигізіп жүрмей ме» деп әрбір ата-ана ойланып жүруі керек.
Президенттің 2006 жылғы 1 наурызында жолдауында демократияны, саяси  жүйені, құқықтық тәртіп пен әділет заңдылықты одан әрі дамыту мәселесін аазмат- тардың Конституция мен еліміздің заңдарын орындауын қамтамасыз етуге ерекше мән берген.
Президент жолдауына сәйкес заңды бұзған адам құқықтық жауаптылыққа тар- тылуы, заң қалай бұрсаң, солай бұрылатын терте емес екенін әркім ұғынуы тиіс екендігіне, өйтпейінше құқықтық  мемлекет пен демократиялық қоғам құра алмайтынымызға басты назар аударылған.
Адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары Ата Заңымызда толық, жан-жақты көрініс тапқан. Өйткені, қазір Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздегі барлық заңдардың қайнар көзі болып табылады.
Балалар арасында құқық бұзылу болсын немесе қылмыстық іс болсын, барлы -ғы ата-ананың тәрбиесіне байланысы. Оған дәлел халық даналығы айтқандай: «Ба- ла-балқыған қорғасын, оны қандай қалыпқа да құюға болады».
Осындай заңның ұтымды жақтарын көре отырып, кейбір заңдардың орындалмай жүргенін ескермеуге болмайды. Оған мысал,  көшеде адасып қалған балаларды немесе қадағалауды қажет ететін балаларды кездестірген жағдайда    мекемесіне апарып, немесе хабарласу орнына, балалардың еңбегін пайдаланады. Осындай жағдайлар ара-тұра кездесіп жатады.
Тағы бір мысал, көп отбасында ата-аналар балалар тәрбиесіне салғырт қарап жатады. Олар өздерін балалардың материалдық жағдайын қамтамасыз ету, киім-кешек, компьютер, ұялы телефон сияқты нәрселерді алып береді. Ал бұл жеткілік- сіз. Олардың тіпті бала тәрбиесіне уақыты жоқ. Таңертеңнен кешке дейін жұмыста болады. Ал баланың не істеп жүргенінен бейхабар болып жүреді. Сонан бала бос жүріске үйреніп, түрлі қылмысқа барады. Ал сабақтан «2» алып келген балаға себебін сұраудың орнына айғайлап ұрысып жатады. Бала одан қорқып, ренжіп, жасқаншақ болып кетеді. Осының бәрі аяғында құқық бұзылушылыққа жол салады.

    

Еліміздің дамуына Ата Заңымыздың ықпалы үлкен. Дегенмен, еліміздің эконо- микасы мықты, әлеуметтік-саяси жағдайы бар, зайырлы құқықтық мемлекет құр -  ғымыз келсе, өз құқығымызды біліп, оны өмірде дұрыс пайдалана білсек, Ата заңы-мыздың орындалуына өз үлесімізді қосамыз деп есептеймін.