ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытты» атты Қазхстан халқына Жолдауында 2013 инженерлік білім беруді және замануи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз ету;
оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн жүйелерін белсене дамыту керектігі баса айтылған. Осыған байланысты инженерлік және техникалық мамандықтар жүйесін дамыту үшін мектепте физикадан білім беру сапасын арттыру мәселесі айрықша өзекті болып табылып отыр.
Оcыған орай Қарқаралы қаласындағы О.А. Жаутыков атындағы №1 орта қазақ мектебінің базасында физика пәні мұғалімдерінің «Физика сабағында сандық білім беру және интернет ресустарын қолдану» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинар бағдарламасы теориялық және практикалық екі бөлімі қамтылды. Теориялық бөлімде білімді дамыту орталығының әдіскері Б.М.Жунусова облыс бойынша физика пәні мұғалімдерінің әдістемелік деңгейін көтеру және тәжірибе алмасу мақсатында «Шекарасыз білім беру» жобасын құрылғанын, оның мақсаты мұғалімдер қашықтықтан өзара тәжірибе алмасу алатынын, өткізген сабақтарын, жасаған презентацияларын, видео сабақтарын сайтқа кіргізуге болатынын айтты. Осы қоғамдастыққа аудан мұғалімдерін енгізіп, тәжірибесін таратуға жағдай жасау қажетігіне тоқталды. Семинардың практикалық бөлімінде Н.Әбдіров атындағы №10 орта мектептің физика пәні мұғалімі Аяукан Бекболат практикалық түрде «Google» парақшасына кіріп, физика пәні мұғалімдерінің ассоциациясына тіркелу жолдарымен таныстырды. Семинарға қатысқан барлық мұғалімдер Google akkaunt-қа тіркелді.
Мұғалімдер интернет ресустарды пайдалану арқылы қашықтық семинарлар, вебинарлар, онлайн-сабақтарды өткізуге болатынына көздері жетті. Семинарды қорытындылай келе БДО әдіскері Б.М.Жунусова «Шекарасыз білім беру» жобасы аясында «Кәсіби мұғалімдер желесі» атты облыстық байқаудың өткізу реті мен мерзіміне тоқталды. Семинар барысында мұғалімдер өзара пікір алмасты.
Б.Ш. Жылқыбаева
Физика пәнінің мұғалімі,
Егнідібұлақ ауылы.









