Құрметті Халел Мұқатайұлы!
Ұлттық бірінғай тестілеудің облыс бойынша жиынтық ақпаратын жолдаймыз.
Биылғы жылы облыста 6 986 бала мектеп бітірді, оның 4,5 мыңнан астамы ҰБТ тапсырды. Басты мемелекеттік емтиханның нәтижесі бойынша аймақтағы тестілеудің орташа балы 2,4 балға көтерілді және 82 - ні құрады (2015 жылы - 79,6).
Облыстағы орташа балдың оңтайлы динамикасы мектептердегі педагогикалық ұжымдардың жүйелі жұмысының дәлелі болады.
«Алтын белгі» белгісін растағандардың саны артты, 218 үміткердің 121-і немесе 55,5%-ы растады. Үздік аттестатқа үміткер 97 үміткердің 41 түлегі ақтап 42,3%-ды құрады. Республикамыздың жоғары оқу орындарына түсу үшін 50 бал шекті деңгейден өткендердің саны өсті.
Жалпы 2016 жылғы ҰБТ жоғары ұйымдасқан деңгейде өтті.
Қарқаралы ауданының мектеп бітірушілері ҰБТ-да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Облыс бойынша орташа балл 82 болса, Қарқаралы ауданы бойынша орташа балл 81,70 -ті құрады.Орташа балл былтырғы жылмен салыстырғанда 5,5 -ке жоғары.
ҰБТ- ның көрсеткіштері Қарқаралы ауданы педагогтарының жоғары кәсібилігі мен жаңашыл тәжірибесін, жақсы дәстүр сабақтастығын дәлелдейді. Мектеп бітірушілердің қол жеткізген табыстары облыстың мұғалімдері мен оқушыларының шығармашылық жұмыспен айналысуы үшін мемлекеттің қолайлы жағдайлар жасауының нәтижесі болып табылады.
Қарағанды облысының білім басқармасы Қарқаралы ауданының педагогтарына және жеке өзіңізге, Халел Мұқатайұлы, өскелең ұрпақты лайықты оқытуға үлес қосып, ҰБТ- ға мектеп бітірушілерін дайындауға белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреді.
Қарқаралы ауданының барлық педагогтарына шығармашылық табыстар мен жаңа жоғары жетістіктер тілейміз.
Қарағанды облысы
білім басқармасының
басшысы А. Аймағамбетов









