Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ету жолында білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша оқуға педагог кадрларды белсенді тарту болып табылады.
Бағдарламаны іске асырудың тұжырымдамалық негіздері мен деңгейлік қағидаттары оқып шыққан сертификатталған педагог кадрларға коучинг пен менторинг үдерісі арқылы оқытудың тәжірибесін өзгертуге, желілік педагогикалық қоғамдастық қызметі ХХІ ғасырда оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі ынталандыру, өзін-өзі реттеу, оқи білу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін қажетті білім ортасын құруға мүмкіндік береді. Сертификатталған педагог кадрлардың ынтымақтастығын, сондай-ақ деңгейлік бағдарлама бойынша оқудан өтпеген мұғалімдерді үдеріске тартуды қамтамасыз ету үшін желілік қоғамдастықты құруда көшбасшылық функцияларды іске асыратын ұжым, Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңартуды жетекші мектептер арқылы бағдарлама идеяларының орындалуы жүзеге асырылады. Аудан бойынша бес орта мектепте: Қарқаралы қаласындағы №1, Көктас ауылындағы №4, Егіндібұлақ селосындағы №5, Бесоба ауылындағы №8, Талды ауылындағы №19 орта мектептерде жетекші - желілік қоғамдастықтар құрылған.
Жетекші мектептердегі желілік қоғамдастықтардың жұмыс тақырыбы, миссиясы, мақсат-міндеттері айқындалған, белгілі жоспар бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Өткен жылдың қараша, желтоқсан айларында №5, 19 жетекші мектептерінде деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің шеберлік сағаттары мен коучингтеріне қатысқан ұстаздар ой бөлісіп, дескриптор арқылы бағалауды үйренді. Жетекші мектептердің жұмыстарын үйлестіру үшін «Деңгейлік курстан өткен педагогтардың кәсіби-құзыреттілігін жетілдіру үшін кәсіби желілік қоғамдастығын құру арқылы ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету» мақсатымен аудандық білім бөлімінде «Ізгілік» үйлестіру кеңесі құрылған. Үйлестіру кеңесінің міндеттері: - деңгейлік курстан өткен педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, кәсіби желілік қоғамдастығын құру арқылы ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету; - Деңгейлік Бағдарламаның түйінді идеяларын жүзеге асыруда сертификатталған педагогтардың іс-әрекеттерін жандандыру; - аудандық, облыстық, республикалық деңгейде педагогтардың өзін-өзі дамыту, өз тәжірибесін таратуына жағдай жасау; - желілік қауымдастықтың мүшелерінің іс-әрекеттерін білім беру ғаламтор порталында үйлестіру; - сертификатталған педагогтардың ынтымақтастығын Деңгейлік Бағдарлама бойынша курстан өтпеген мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне коучинг, тәлімгерлік және сыныптағы бірлескен зерттеулер арқылы нәтижелі әрі тиімді оқытуды жүзеге асыру, қолдау көрсету болып табылады.
Осы орайда «Мектеп педагогтерінің кәсіби желілік қауымдастығын басқаруды дамыту механизмдері: тәжірибесі мен болашағы» тақырыбында «Назарбаев зияткерлік мектептері» базасында облыстық білім басқармасы, Қарағанды қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 14 қаңтарында есептік көрме жабдықтары конференциясы ұйымдастырылды. Конференция міндеттері: педагогтердің кәсіби желілік қауымдастығын дамытуды басқару мен құруда алдыңғы қатарлы мектептердің тәжірибесін жинақтау, облыс мұғалімдерінің кәсіби желілік қауымдастығын дамыту, педагогтердің кәсіби желілік қауымдастық іс-әрекет аясында Деңгейлі Бағдарламаның түйінді идеяларын жүзеге асырудың тиімді механизмдерін анықтау деп белгіленген. Аталған конференцияға ауданымыздың №1 (Қарқаралы қаласы), №4 (Көктас ауылы), №5 (Егіндібұлақ селосы) жетекші мектептер қатысты. Мектептердің жұмыстары эстетикалық талаптарға сай орындалды. Конференция барысында мектеп координаторлары есеп беріп, атқарылған жұмыстарымен таныстырды. Конференцияны қорытындылаған білім басқармасының басшысы А.Қ.Аймағамбетов, Педагогикалық шеберлік орталығының директоры О.Г.Сурначева Қарқаралы ауданындағы жетекші мектептердің жұмысының жүйелі, жақсы құрылғандығы туралы атап өтті, осы қызметті жалғастыруға тілектерін білдірді.











