Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында Қарқаралы ауданы әкімшілігінің қолдауымен,
аудан мектептерінің базасында 14-тен 74 жас аралығындағы аудан азаматтары үшін аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан тегін компьютерлік сауаттылықты арттыру курстары жалғасады. Осы іс-шараға қолдау көрсету үшін өткен жылы курстан өтпеген аудан тұрғындары шақырылады. Курс 8 сағатқа арналған және соңынан сертификат беріледі. Тіркелу үшін бөлімнің 8(72146) 31171 нөміріне немесе өз қала, округтарыңыздың мектептеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.









