Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жолдаған хатына сәйкес жыл сайынғы дәстүрлі жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясын жариялап отыр.
Акция еліміздің барлық аймақтарында 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Балаға мейірім сыйла!» ұранымен өтеді.
Өткен жылы акцияда шаруа қожалықтары, мәслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, еңбек ұжымдарының көмегімен 1 мил. 913 мың 222 теңгеге аз қамтылған, көп балалы, ата-аналарының қамқорлығынан айырылған, толық емес отбасынан шыққан 681 балаға мектеп формалары, аяқ киімдер, спорттық киімдер, оқу-құрал жабдықтары әперілді.
Биыл да жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылып отырған «Мектепке жол» акциясына қатысуға шақырамыз.

Рымбекова А.Е.
Аудандық білім, дене шынықтыру
және спорт бөлімінің әдіскері. 12 тамыз 2014 жыл.