Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасымен «ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ-НҰРЛЫ ЖОЛМЕН» республикалық акция шеңберінде 2015 жылғы 1-12 маусым аралығында еліміздің барлық өңірлерінде 10-ыншы «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқан өткізіледі.
Осыған орай, Науқан шеңберінде ауданда 1-12 маусым аралығында бала еңбегінің нашар түрлері жөнінде, оның ішінде БАҚ-нда мақалалар жариялау арқылы ақпараттандыру, «дөңгелек үстелдер» мен конференциялар, тақырыптық көрмелер, балалардың сурет және шығармалар байқаулары, бала еңбегінің ең нашар түрлеріне балаларды тартуды болдырмау туралы кездесулер, пікірталастар, жастар үйымдары, ата-ана қауымы, катыстырылған «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» кең ауқымды рейдтік шаралар ұйымдастырылуда. Сонымен бірге, білім бөлімінде 41025 сенім телефоны өз жұмысын жалғастырады.
Аудандық білім бөлімі









