2012 жылы 28 қарашада қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнінде функцияларды жүзеге асыратын органының ұйымдастыруымен Қарқаралы қаласында әлеуметтік жетімдіктің профилактикасына, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде, асырап алуды насихаттауға бағытталған аудандық семинар өтті.

Оған орта және негізгі мектеп директорларының орынбасарлары қатысты. Аталған семинарда 2011-2012 оқу жылында есеп тапсыру кезіндегі кемшіліктер толық қаралып, талқыланды. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы қорғаншылыққа, бала асырап алуға қатысты № 380-388 қаулылары, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің 2012 жылғы 14 қарашадағы № 04-257982 хатына сәйкес «Е-акимат», «Е-қамқоршылық» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету түсіндірілді. Тағы бір сұраққа ерекше назар аударылды.

Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президенті Күнін тойлау аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасы бойынша 2012 жылдың 1 желтоқсанында «Менің идеяларым менің еліме!» балалар әлеуметтік бастамаларының жобалары өткізілуінің басталуы туралы жарияланды. Мақсаты-Отанға деген сүйіспеншілікті, патриотизимді тәрбиелеу, азаматтық қоғамның дамуына балалардың өз үлесін қосуға мүмкіндік беру, аймақта болып жатқан әлеуметтік ілгерілеуге әсер тигізу. Қоғамдық тындауларға аудан мектептердің оқушыларына қатысуға болады. Тындау 2 кезеңде өтеді: I-кезең (аудандық) 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2013 жылдың 25 ақпанына дейін; II-кезең (облыстық) 2013 жылдың 1 наурызынан бастап.
Аудандық кезеңге ұсынылған жобалар мәслихат депутаттарының, жергілікті атқарушы ұйымдар, «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанат, «Қарқаралы» газеті өкілдерінің және білім бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен өтеді.


М.Е. Искакова, бала құқығын қорғау жөніндегі бас маман
28.11.2012