20 қараша Дүниежүзілік балалар күні болып саналады, дәл осы күні бала құқықтары туралы Конвенцияға қол қойылды.
Қарқаралы ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы қорғаншылыққамқоршылық органының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы аясында 2011 жылдың 19 қарашасында барлық аудан мектептерінде Дүниежүзілік бала күніне арналған «Менің құқықтарым бар» тақырыбында тәрбие сағаттары, пікір-талас, сайыс сабақтары, дөңгелек үстелдер, әңгіме-сұхбаттар, интеллектуалдық ойындар, зияткерлік сайыстар, ата-аналарға жиындар, сауалнамалар өткізілді. Мектеп кітапханаларында сурет көрмелері ұйымдастырылды, қабырға гәзеттері шығарылды.
Балалар мен ата-аналардың қатысуымен «Балалар құқықтары туралы» Конвенциясы бойынша викторина, концерт ұйымдастырылды.
Іс-шаралар соңында өткізу жөнінде мәселелер талқыланды.
Аталған іс-шараларға 43 негізгі және орта мектептерден 6000 жуық балалар және ата-аналар қатысты. Белсенділік білдірген мектептер: №1, 2, 4, 7, 8, 10, 11, 12, 16, 17, 18, 19, 20, 24, 32, 33 мектептер.
Бұдан басқа, облыстық Балалардың құқықтарын қорғау департаменті адамның құқықтары саласында құқықтық мәдениеттерін арттыру және баланың, адамның құқықтарын қорғауға өскелен ұрпақты тарту мақсатымен 2011 жылдың 1 қарашасынан 5 желтоқсанға дейін «Өз құқықтарымды қорғаймын» атты байқау өткізеді. Осы байқау Дүниежүзілік балалар күніне, Адам құқықтары күніне, Балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күресу 16 күндік кампаниясына арналған іс-шаралар аясында өтеді.
Байқау жеткіншектерде белсенділік позициясын және балалар мен жастар ортасында әлеуметтік бастаманы дамытуға; баланы еліміздің тең азаматы ретінде қоғамда қалыптастыруға, балалар мен ересектердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.
Байқауға қатысу үшін, әр бала өзінің мектебіндегі тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарына жолығып, байқаудың өту жөніндегі ережесімен танысуға болады. Байқау жұмыстарын қағаз және электрондық түрде, фотосурет, дисктермен бірге 2011 жылдың 3 желтоқсанына дейін білім бөлімі жанындағы қорғаншылыққамқоршылық органына тапсыру керек немесе мектеп әкімшілігі арқылы беріп жіберуге болады.

Бала құқығын қорғау жөніндегі
бас маман М.Е.Искакова
22.11.2011 жыл