Мемлекет ата-аналарға бала туған кезде қаржылық көмек көрсетуге кепілдік  береді.
Қазақстан балаларға арналған қандай жәрдемақы түрлері бар?

Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың:

  • бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетiн бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақы (жұмыс істейтің және жұмысістемейтін аналарға арналған);
  • бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы (жұмысістемейтін аналарға арналған);
  • он сегiз жасқа дейiнгi балаларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы;
  • мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы алуға құқықтары бар.

Қазақстан Республикасының«Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы»Заңына сәйкес, жүктiлiгiне немесе босануына  және ай сайын бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты,   жұмыс істейтін аналар әлеуметтiк төлем алуға құқықтары бар.
Қазақстанда балаға арналған бiржолғы  жәрдемақы деген не және оның мөлшерi қандай?
Бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетiн бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақы – туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасыларға арналған  ақшадай төлем.
Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады.
Екi және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берiлетiн жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.
Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы:

  • бiрiншi, екiншi, үшiншi балаға – 30 айлық есептiк көрсеткiш;
  • төртiншi және одан кейiнгi балаларға – 50 айлық есептiк көрсеткiш.

Қазіргі таңда Қазақстанда балаға арналған бiржолғы  жәрдемақының   мөлшерi (тенгемен есептегенде)?
2012 жылдың 1 қантар айынан бастап Қазақстанда айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) мөлшерi 1618 тенге құрайды.
Қазақстанда балаға арналған бiржолғы  жәрдемақының   мөлшерi

бiрiншi балаға      48 540  тенге
екiншi балаға 48 540  тенге
үшiншi балаға 48 540  тенге
төртiншi және одан кейiнгi балаларға 80 900  тенге

Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты  төленетiн әлеуметтiк төлемі  деген не және оның мөлшерi?
Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы әлеуметтiк төлемдер жұмыс істейтін аналарға тағайындалады. Әлеуметтiк төлемнің мөлшері табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстыру коэффициентiне көбейту жолымен айқындалады.
Табыстың орташа айлық мөлшерi, егер әлеуметтiк қатер жағдайы басталған ай үшiн Қорға әлеуметтiк аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы жиырма төрт айда әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген табыс сомасын (осы кезеңде әлеуметтiк аударымдарда үзiлiс болуына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады.
Табысты ауыстыру коэффициентi - 0,4 болады.
Бұл орайда, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты төленетiн әлеуметтiк төлемнiң ең жоғары мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнiң қырық процентiнен аспауға, ал әлеуметтiк төлемнiң ең төмен мөлшерi бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмi жөнiндегi ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
Бала бiр жасқа толғанға дейiн оны бағып-күтуге байланысты берiлетiн әлеуметтiк төлемдi алушы қайтыс болған жағдайда, баланың мемлекет қарауына толық алынатын жағдайларды қоспағанда, әлеуметтiк төлем бала бiр жасқа толғанға дейiн оны бағып-күтудi жүзеге асыратын адамға төленедi.
Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты  төленетiн әлеуметтiк төлемнiң есептелу мысалы:
Соңғы 24 айда табыстың орташа айлығы 25000 тенге құрайды.
Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты  төленетiн әлеуметтiк төлемнiң мөлшерiнің есебі:
25000 х 0,4  =10000 тенге (оның ішінде 10% ЖЗК-ге міндетті зейнетақыға аудару үшін  аламыз)
Қолға - 9000 тенге бала тұған күнен бастап бiр жасқа толғанға дейiн ай сайын.
Бала бiр жасқа толық толғанға дейiн төленетiн ай сайынғы жәрдемақы деген не және оның мөлшері?
Бір жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтiмдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.
Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы бала туған күннен бастап ол бiр жасқа толық толғанға дейiн тағайындалады. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасыларға бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгiлеу туралы шешiм қабылданған күннен бастап тағайындалады.
Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау кезiнде отбасы құрамындағы ата-анасы өздерiне қатысты ата-аналық құқығынан айрылған балалар есепке алынбайды.
Бала күтiмi жөнiндегi ай сайынғы жәрдемақы мөлшері:

  • бiрiншi балаға - 5,5 айлық есептiк көрсеткiш;
  • екiншi балаға - 6,5 айлық есептiк көрсеткiш;
  • үшiншi балаға - 7,5 айлық есептiк көрсеткiш;
  • төртiншi және одан кейiнгi балаларға - 8,5 айлық есептiк көрсеткiш.

Қазіргі танда  Қазақстанда бала бiр жасқа толық толғанға дейiн төленетiн ай сайынғы жәрдемақы мөлшері (тенгеде) ?
Бала күтiмi жөнiндегi ай сайынғы жәрдемақы мөлшері:


бiрiншi балаға     
8899  тенге
екiншi балаға 10517  тенге
үшiншi балаға 12135  тенге
төртiншi және одан кейiнгi балаларға 13753  тенге

Қазақстанда он сегiз жасқа дейiнгi балаларға төленетiн ай сайынғы жәрдемақы деген не және оның мөлшері?
Ай сайынғы он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған жәрдемақы отбасының асырауындағы он сегiз жасқа дейiнгi әр балаға тағайындалады.
Он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған жәрдемақы отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы ескерiле отырып ағымдағы тоқсанға тағайындалады және өтiнiш берген айдан бастап ай сайын төленедi.
        Азаматтар алғаш рет өтiнiш жасаған кезде, сондай-ақ отбасы табысының мөлшерiне әсер ететiн жағдайлар өзгергенде, уәкiлеттi орган немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi учаскелiк комиссияның отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзуi туралы шешiм қабылдайды.
Жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша учаскелiк комиссия отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және қорытындысын уәкiлеттi органға табыс етедi.
 Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу балаларға арналған жәрдемақы тағайындату үшiн өтiнiш жасаған кезде уәкiлеттi органға табыс етiлетiн құжаттар негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүргiзiледi.
Ай сайынғы он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған жәрдемақы мөлшері:
1 айлық есептiк көрсеткiш әр балаға 2012 жылғы 1 қаңтарда - 1618 теңгені құрайды.
Мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы жәрдемақы деген не және оның мөлшері?
         Мүгедек баланы тәрбиелеушiге берiлетiн жәрдемақы өтiнiш жасалған күннен бастап баланың мүгедектiгiнiң барлық кезеңiне тағайындалады. Отбасында екi және одан да көп мүгедек бала тұрған жағдайда жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленедi.
Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алған мүгедек балалары бар отбасыларға мүгедек баланы тәрбиелеушiге берiлетiн жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешiмi заңды күшiне енгiзiлген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгiлеу туралы шешiм қабылданған күннен бастап тағайындалады.
Мүгедек баланы тәрбиелеушiге берiлетiн жәрдемақы – 1 ең төменгi жалақы мөлшерiнде белгiленедi.
2012 жылдың 1 қантар айында Қазақстандағы ең төменгi жалақы  17439 тенгеден құрайды.
Қазақстанда балаға бiржолғы жәрдемақы тағайындау үшін қандай құжаттар керек?
Өтiнiш берушi балаға бiржолғы жәрдемақы тағайындату үшiн жәрдемақы алу құқығы бар отбасының тұрғылықты жерiндегi тиiстi уәкiлеттi органға мынадай құжаттар:

  • нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
  • баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгiнiң (куәлiктерiнiң) көшiрмесi (көшiрмелерi) не тууы туралы акт жазбасының (жазбаларының) көшiрмесi (көшiрмелерi);
  • өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
  • отбасының тұрғылықты жерiн растайтын құжаттың көшiрмесi (азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң анықтамасы);
  • отбасының құрамы туралы мәлiмет (бала күтiмi жөнiндегi және балаларға арналған жәрдемақылар үшiн);
  • отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiмет (балаларға арналған жәрдемақы үшiн);
  • баланың мүгедектiгi туралы анықтаманың көшiрмесi (мүгедек баланы тәрбиелеушiге берiлетiн жәрдемақы үшiн) қоса тiркелген өтiнiш бередi.

Қазақстанда балаларға арналған жәрдемақыларды төлеудi қашан тоқтаталады?
Жәрдемақыларды төлеудi тоқтату үшiн:

  • баланың қайтыс болуы;
  • баланың толық мемлекет қарауына берiлуi;
  • өтiнiш берушiнiң жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексiз мәлiметтер табыс етуi;
  • Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгiленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшiн жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз мiндеттерiн атқарудан босату немесе шеттету негiз болып табылады.

Жәрдемақыны төлеу мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
     Артық төленген сомалар - ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда сот шешiмiнiң негiзiнде сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.
Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда жәрдемақыларды төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.

12.12.12