Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясын  бесінші жыл өткізуде.

Акция Қарқаралы ауданында да 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтуде. Акцияның мақсаты - жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу. Өткен жылы акцияда шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар және еңбек ұжымдарының көмегімен жиналған 1 млн. 027 мың 200 теңгеге аз қамтылған, көпбалалы отбасыларынан шыққан 520 балаға  киімдер, оқу-құрал жабдықтары әперілді. Бүгінгі күні көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан 91 балаға жеке тұлғалар, кәсіпкерлер, мұғалімдердің демеушілігімен жиналған 441,5 (төрт жүз қырық бір мың бес жүз тенге) мың  теңгеге оқушылардың мектеп формалары, спорт киімдері, аяқ киімдер, мектеп құралдары әперілді. Аудан жұртшылығы мен кәсіпкерлер акцияға белсене қатысуда. Үсіміздегі айда акцияға байланысты «Қарқаралы» газетінде 4 мақала жарық көрді. Рейд жұмыстары да жүргізілуде. Акция одан әрі жалғастырылады. Толығырақ Автор:  Қарқаралы аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Рахимбергенов А.   20-09-2012 18:24