Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2012 жылдың 10 тамыз – 10 қыркүйек аралығында республикалық «Жолашар» акциясы өткізілуде.

Акция Қарқаралы ауданында да 10 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында өтуде. Акцияның мақсаты - мұқтаждығы ерекше балаларға қоғамның тұрақты назары мен қызығушылығын арттыру, дамуында дене және ақыл мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдердің мүддесінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру жөнінде мемлекеттік құрылымдар, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, бизнес-орталардың, БАҚ және басқа да әлеуметтік топтардың күштерін біріктіру.  Акция шеңберінде түрлі шаралар өткізіледі, оның ішінде «Мектеп жол» акциясының өткізілуі. Мұқтаждығы ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың мәселесіне алаңдаушылық білдіретін барлық бизнесмендер, кәсіпкерлер мен тұрғындарды ынтымақтастыққа шақырамыз. Оларға кез келген нақты көмек көрсету - өте маңызды, соның ішінде, көбінесе жетіспейтін қамқорлық, ықылас, сүйіспеншілік сезімдері.

Автор: Қарқаралы аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Рахимбергенов А. 

20-09-2012 18:24