Уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағымдану қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы немесе оның заңды өкілі өңірлік уәкілетті білім беру органдарына: аудандық (қалалық) білім бөлімдері (бұдан әрі – аудан (қала)ББ) хабарласуына болады.
Егер мемлекеттік қызметті алушының заңды өкілі қабылданған шараларға қанағаттанбаса не мәселе жоғары деңгейде қарауды талап еткен жағдайда заңды өкіл Астана қаласы, Орынбор к-сі, 8, 11-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жазбаша түрде шағым жолдауына болады.
Шағымдар поштамен немесе жұмыс күндері министрліктің кеңсесі арқылы хат түрінде қолма-қол қабылданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына наразы болған жағдайда мемлекеттік қызметті алушылар аудан (қала) білім бөлімдері бастығының атына шағымданады.
Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Шағым беру кезінде мемлекеттік қызметті алушы еркін нысандағы өтінішті тапсырады.
Қабылданған шағымдар білім бөлімдерінің кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.
Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.