Жалпы білім беретін №15 орта мектебінің
«Қамқоршылық кеңес» отырысының №4 хаттамасы
21 желтоқсан 2017 жыл
Қатысқандар:
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері : 15
Мектеп әкімшілігі: 4
Күн тәртібінде:
1.Мектеп директорының алға қойған мақсаты, атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдау.
2. Қамқоршылық кеңесінің бір жылдық жұмысының есебін тыңдау.
І.Мектеп директоры Отарбаева Р.Б. атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Ең алдымен білім беру жүйесінің ролі өзгеруі тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» -деп атап көрсетті. Қазіргі білім беру жүйесінің міндеті – оқушыларды бейбітшілік рухта ынтымаққа және әлемдік мәдениетпен білімді, еңбекқор, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу болып табылады. Адамзат баласы үшін мектептің орны ерекше. Біздің мектебіміз 2009 жылы салынған, жаңа мектеп. Оқушылардың білім алуына мультимедиа, информатика, биология-химия кабинеттері бар. Информатика кабинетіндегі компьютерлер ескіріп, кейбіреулері істен шыққан. Мультимедиа және информатика кабинеттерінде интербелсенді тақталар орнатылған. Интернет желісіне қосылған. Биылғы жылы Республикалық бюджеттен 2 (екі) пик берілді. Мектепте барлығы 24 ұстаз білім береді. 1,2, 5,7 –сыныптар Жаңартылған білім мазмұны бойынша жұмыс жасауда. Мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде мектептегі ұстаздар ұжымының әр сыныптардағы тәрбиенің оқушы үшін берілген барлық бағыттарын қамтыған негізде жүзеге асырылады. Тәрбие жоспары 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген тәрбиенің тұжырымдамасының басшылығымен құрылды. Бұл жоспар мына бағыттар бойынша іске асырылады.1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие; 2. Рухани адамгершілік тәрбиесі; 3.Ұлттық тәрбие; 4.Отбасы тәрбиесі; 5.Еңбек экономикалық және экологиялық тәрбие; 6.Көпмәдениетті және көркем –эстетикалық тәрбие; 7.Зияткерлік, ақпараттық мәдениет тәрбиесі; 8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі. Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушыларды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Сабақтар, дене тәрбиесі сабағы, оқу пәндері, қосымша білім беру, спорттық секциялар мен үйірмелер, «Өзін-өзі тану», нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту және АҚТҚ алдын алу және салауатты өмір салты негіздері бойынша ақпараттық-ағарту курстар, семинар, тренингтер, денсаулық фестивальдерін, спартакиадалар, қауіпсіздік бағдарларын өткізу, ақпарттық-диагностикалық материалдар дайындау және тарату, сенім қызметтерін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Осы мақсат, міндеттерді басшылыққа ала отырып, әр сынып жетекшісі оқу жылының басында тәрбие жоспарын оқушының жас ерекшеліктеріне сай жасады. Мектепте «Жасұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы, «Қызғалдақ» қыз балалар, «Өркен» ер балалар ұйымымен қатар, құқықтық тәрбие, әскери-патриоттық ұйым жұмыстары жүріледі. Әр ұйымның қоғамдық жетекшілері жылдық жұмыс жоспарларын құрып, сол негізде қоғам дамуына негізделген, инновация талаптарымен жұмыстарды жүргізеді. Мектепте 01.08-30.09 аралығына «Мектепке жол» акциясы жылдағы оқу жылының алдындағы дәстүр бойынша жарияланды. Ауылдың көрнекті жерлеріне жарнамалар мен үнпарақтар ілініп, жинақ пункті мектептен ашылды. Барлық мөлтек аудандар араланып, 0 мен 17 жас аралығындағы балалар тізімделіп, көп балалы, аз қамтылған, қорғаншылықтағы балалар жағдайлары, мектепке әзірліктері ата-аналарынан сұралып, тексерілді. Жинақ пунктіне 12000(он екі мың тг.) теңгеге шаққандағы оқу- құралдары мен мектепке қажет форма түсіп таратылды. Шағын орталыққа түрлі дидактикалық материалдар алынды. Әлі де толықтыруды қажет етеді.
ІІ. Қамқоршылық кеңес төрағасы Жөргембаев А.Б. қамқоршылық кеңес құрамын кезекті отырыстың күн тәртібімен таныстырды. Қамқоршылық кеңесінің құрылған уақыттан бергі жұмысына тоқталды. Қамқоршылық кеңесі жоспарға сәйкес жұмыс атқарды. Мектептегі оқушылардың отбасының әлеуметтік жағдайлары зерттеліп, аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасындағы балалар тізімделді. Осыған сәйкес қандай да бір көмек көрсетілсе әлеуметтік жағдайлары төмен отбасы балаларына бағытталды. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында мектеп жанынан ашылатын жазғы сауықтыру алаңына аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, мүмкіндігі шектеулі балалар тартылды. Қала сыртындағы лагерьге аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 5 оқушы ұсынылды. «Қарқаралы ауданының білім бөлімі» ММ-нің 08.02.2017 жылғы №01.1-02/272 бұйрығына сәйкес мектептегі аз қамтылған, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі балалар арасынан 2 оқушы Астана қаласына 2017 жылдың 10-13 тамыз күндері аралығында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне барып қайтты. «Мектепке жол» акциясында 7 оқушыға мұғалімдердің көмегімен оқу-құралдар таратылды. Қазіргі уақытта аз қамтылған отбасының 6 оқушысы тегін тамақпен қамтылып отыр. Аудандық әкім шыршасына аз қамтылған отбасынан 9-сынып оқушысы Фауеден Төлеужан, 1-сыныптан мүмкіндігі шектеулі Жексенхан Алтынай барып, сыйлықтарын алып қайтты. Сонымен қатар қамқоршылық кеңес мүшесі Аккулин Қ мектептегі «Балдырған» шағын орталығына бүлдіршіндердің құрастыру сабағына қажетті конструктор ойыншығын сыйлады. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Жөргембаев А.Б: қамқоршылық кеңесінің жұмысын жүйелі жүргізіп, демеушілік көрсететін кәсіпкерлерді мүмкіндігінше мектепке тартып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету, мектепке қажетті материалдық базаны толықтыруға атсалысу қажеттігіне тоқталды.
Қамқоршылық кеңесінің шешімі:
1. Қамқоршылық кеңесі мектеп директорының есебіне сәйкес жұмыс жүргізсін.
2.Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына әлеуметтік, материалдық, құқықтық көмек көрсетілсін.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: ЖөргембаевА.Б. Хатшы: Көпежанова А.Ж.
https://karkaly.edugov.kz/ru/popechitelskij-sovet/217-sshn-15.html#sigFreeId30e7d0f4dc









