«Қамқоршылық Кеңесінің» хаттамасы №3
26.12.2017ж №28 негізгі орта мектеп
Қатысқандар: мектеп директоры, тәрбие жөніндегі орынбасары
Қамқоршылық кеңес мүшелері-15
Күн тәртібінде:
- «Мектепке жол» акциясы аясында көрсетілген көмектер туралы
- 2017 жылы қамқоршылық кеңесінде атқарылған жұмыстар есебі
- 2018 жылға кеңестің атқаратын жұмысын жоспарлау
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры А.Д. Муздыбаев сөйледі. Сөз барысында 1.08-30.09 аралығында жалпы оқушыларды мектепке дайындау барысында республика көлемінде өтіп жатқан ата-ана қамқорлығынан айырылған тұрмыс жағдайы төмен отбасы балаларына қолдан келгенше көмек көрсету барысында «Мектепке жол» акциясының жүргізілгені айтылды. Қайырымдылық акциясы барысында тұрмыс жағадайы төмен, аз қамтылған отбасы балаларына мектеп мұғалімдері көмек көрсетті. Акция барысында 10000 теңге көлемінде көмекті қажет еткен 2 оқушыға көмек көрсетілді.
Екінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңес төрағасы Ильяшов Әділ сөз алды. Ол мектептегі қамқоршылық мүшелерімен бірлесе отырып, 2017-2018 оқу жылына жоспар құрылып, бекітілгенін айтты. Кеңес мүшелері «Қайырымдылық» акциясына отбасы күніне, жаңа жылда және басқа да мектепте өтетін шаралардың өтуіне өз көмектетерін көрсетіп отырды. «Қарқаралы ауданының білім бөлімі» ММ – сінің 08.02.2017 жылғы №01.1-02/272 хатына сәйкес көп балалы, толық емес отбасы балалары Астана қаласында 2017 жылдың 10-13 тамыз күндері аралығында «ЭКСПО-2017» халықаралық 1 оқушы, маусым айында қала сыртындағы «Березка» жазғы сауықтыру лагеріна 3 оқушы тартылды. Биылғы жылы өткен аудан әкімінің шыршасына 2 оқушы қатысып, сыйлықтарын алып қайтты. Биылғы жылғы ерекшеліктің бірі 1-9 сыныптар 5 күндік оқу аптасына көшуге Қамқоршылық кеңесі және мектеп әкімшілігі өз ұсыныстарын білдіріп, сабақтың ұзақтығы 40 минут, қосымша сабақты сенбі күні жүргізуге шешім қабылдадық. Аудандық, облыстық байқауларға оқушыларды жіберуге өз көмектерімізді көрсеттік.
Үшінші мәселе алда атқаратын мынандай жұмыстарды жоспарладық. Мектеп алаңын көгалдандыруға (көшет отырғызу, гүлзарды егуге) мектебіміздегі мұражай бөлмесін ашуға мүмкіндігінше жағдайларды қарастырамыз.










