«Қарқаралы ауданы Борлыбұлақ ауылындағы жалпы білім беретін №42 негізгі орта мектебі» КММ жанындағы Қамқоршылық кеңес отырысының №4 хаттамасы
28.12.2017
Қатысқандар:
Қамқоршылық кеңес құрамы толық құрамда – 15
Мекеп әкімшілігі – 3

Күн тәртібінде:
1. Қамқоршылық кеңестің қамқорлық акция кезінде заттай және қаржылай көмек көрсетілген көмектің есебі.
2.  2017 жылы «Қамқоршылық» кеңесінің атқарған жұмыстары туралы есебі.
3. 2018 жылға кеңес мүшелерін сайлау және атқарылатын жұмыстардің жоспарын бекіту.
Тыңдалды:
Қамқоршылық кеңестің төрайымы Базарбаева А.А. ашып, кезекті отырыстың  тәртібімен таныстырды.
І мәселе бойынша  мектеп директоры Рымбеков Д.Ж. 2017 жылы «Қамқоршылық» кеңесінің атқарған қайырымдылық іс-шараларының есебімен таныстырды.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы  Заңы 44 бабының 9- тармағы және  «Қамқоршылық» кеңесі қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 22 қазандағы  №505 бұйрығын басшылыққа ала отырып, «Борлыбұлақ ауылындағы жалпы білім беретін №42негізгі орта мектебі» КММ-сінде 2016-2017оқу жылында қамқоршылық кеңесінің құрамы құрылды. Құрылған қамқоршылық кеңесінің құрамы жоспарға сәйкес жұмыс атқарды.Мектептегі оқушылардың отбасының әлеуметтік жағдайлары зерттеліп, толық емес, көпбалалы, қамқоршылық-қорғаншылықтағы  балалардың тізімі құрылды.Осыған сәйкес  қайырымдылық көмектердің басы көпшілігі әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларына бағытталды.
«Білім туралы» Заңның орындалысына сәйкес ҚР конституциясының  30-бабын басшылыққа ала отырып, ҚР Үкіметінің 28.08.1998 жылғы  №812  қаулысын, ҚР Білім және ғылым министрлігіінің 29.08.2001 жылғы №645 бұйрығын  және аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің  31.08.2012 жылғы  №281 бұйрығын  орындау мақсатында  «Мектепке жол» акциясы тамыз-қыркүйек айларында өтті. Жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау қөрсетуге және әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталды.
«Борлыбұлақ ауылы ЖББ №42 негізгі орта мектебі» КММ-сінде жаңа 2017-2018 оқу жылында «Мектепке жол» акциясына 1 жеке кәсіпкер –Жұмабай Рымбек  10000 теңгеге мүмкіндігі шектеулі 9-сынып оқушысы Төлеубай Индираға мектеп формасын сыйлады. Мектеп ұстаздары  7500 теңге көлемінде 7 оқушыға оқу-құралдарын табыс етті.
ІІ мәселе бойынша Қамқоршылық кеңестің төрайымы Базарбаева А.А.кеңестің атқарған жұмыстарына қысқаша тоқталды. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы  Заңы 44 бабының 9- тармағы және  «ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және он сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы  бұйрығын басшылыққа ала отырып 2017-2018  оқу жылында «Борлыбұлақ ауылы №42 негізгі орта мектебі» КММ-сінде жаңа құрамда қамқоршылық кеңесі құрылып, оның құрамы сайланып, жылдық жұмыс жоспары жасалды.
31 тамыз 2017 жылы Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтіп,оқу жылында білім саласындағы өзгерістерге сәйкес әдістемелік нұсқауды басшылыққа ала отырып мектепте  5 күн оқу жүйесіне көшу туралы мәселе қаралды, сабақтың ұзақтығын 45 минуттан  40 минутқа ауыстыру мәселесі талқыланып, шешілді.
Дүйсенбіден жұма күнге дейін оқып, вариатив сабақтарды соңғы   7-8 сабақтарға қою ұсынылды. Ал сенбі күні мерекелік тәрбиелік шаралар өткізіледі және мұғалімдер келесі аптаның сабақтарына дайындалады.
Аудандық білім бөлімінің демеушілігімен Астана қаласына 2017 жылдың 10-13 тамыз күндер аралығында  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуға 2 оқушы барып қайтты. Олар:


Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Туған күні, айы, жылы

Әлеуметтік жағдайы

1

Қапзайт Айбат

7

08.01.2004

Толық емес отбасы

2

Шәкрат Сәулеш

6

21.07.2005

көпбалалы


Шілде айында қала сыртындағы лагерге 2 оқушы барып, дем алып қайтты. Олар көпбалалы отбасынан 8-9 сынып оқушылары Марат Еркежан және Қисамиден Іңкар.    29-қазан- Қамқоршылар күні мерекесіне орай қорғаншылықтағы оқушылар Шаймұрат Айсұлу мен Шаймұрат Айбектің қамқоршысы Тапина Зайраш шақырылып, құрмет көрсетілді, мақтау қағазы мен сыйлық табысталды.
22-желтоқсан күні Аудан әкімі шыршасына қорғаншылықтағы  3-сынып оқушысы Шаймұрат Айсұлу қатысып, киім-кешек, сыйлықтарын алып қайтты. Мектепте Жаңа Жыл шыршасын өткізуге ауыл тұрғындары, мектеп ұстаздары 30000 теңге көлемінде демеушілік жасап, мерекеге арналып тәттілер, сыйлықтар алынды және ұйышылдықпен өткізілді.
Алдағы уақытта да Қамқоршылық кеңесі өз жұмысын әрі қарай жандандырады деп сенім білдіреміз.
  ІІ мәселе бойынша Қамқоршылық кеңестің төрайымы Базарбаева А.А. 2018 жылы кеңес қызметінің және сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы ережесін басшылыққа ала отырып, 9 адамнан тұратын  жаңа құрам сайлауды ұсынды және бір ауыздан қабылданды.

  1. Базарбаева А.А. - кеңес төрайымы, ауыл медбикесі.
  2. Қали Н.А. - хатшы, ата-ана, жұмыссыз Мүшелері:
  3. ОспановаБ-мүшесі, зейнеткер
  4. Сармурзина Д.Н.- мүшесі, ата-ана, жұмыссыз
  5. Габдрахманов Е.Т. - мүшесі, машинист көмекшісі, «Қазақстан Темір жолы»АҚ, Қарағанды қ.
  6. Төлеубаев М.А. - мүшесі, ата-ана, «Аслан» шаруа қожалығы, жүмыскер.
  7. Жүмабай Р.Ш. -мүшесі, жеке кәсіпкер
  8. Дүйсенқүлов Қ.Қ. - мүшесі «Интеррин» мекемесі,слесарь
  9. Шакенов Ж.-мүшесі, «Қазақмыс» АО, кенші.

Алдағы уақытта да кеңестің жоспарына сәйкес, қайырымдылық, қамқорлық жүмыстары атқарылады. Мүмкіндігінше мектепке демеушілік корсететін азаматтарды тарту, ата-аналар арасында кеңестің атқаратын жүмыстары жайында түсіндірме жүмыстар жүргізу керектігін жеткізді.
ШЕШІМ:

  1. 2017 жылы «Қамқоршылық» кеңесі қамқорлық акңиясы кезінде көрсетілген көмектің орнымен жүмсалғанын есепке ала отырып, алдағы уақытта да қайырымдылық жүмыстар жүзеге асырылсын.

  2. Қамқоршылық кеңесі толық қүрамда 2018 жылы жүмыс атқарсын және жүмыстың толықтай жүзеге асырылуын кеңестің төрайымы Базарбаева А.А. жүктелсін.