Мекен-жайы: Қарқаралы қаласы, Ә.Бөкейханов көшесі, 55, 2-қабат, 6 кабинет. Байланыс телефондары: 8(72146)31553, 8(72146)31375. Электрондық пошта мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Пошталық индекс: 100800.
Конкурс өткізу қағидалары «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген. (ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 28.09.2018 жылғы № 510 бұйрығымен 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген)
Лауазымға ұсынылатын кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді, бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, әдістемелік қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда).
Мемлекеттік білім беретін ұйым басшысының лауазымдық міндеттері:
Негізгі лауазымдық міндеттері «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына сәйкес.
Лауазымдық айлықақы мөлшері:
Санаты Мектебі Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы (теңге)
бастап дейін

А1-3-1 № 5, 14, 31, 43 орта мектептер үшін 97997 118791
А1-3-1 Егіндібұлақ ауылының «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы үшін 97997 118791

1. «Егіндібұлақ ауылының жалпы білім беретін №5 орта мектебі" КММ директор, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы, Х.Ахметов көшесі, құрылыс 1, телефон: 8/72147/91598.
2. «Егіндібұлақ ауылының Қ. Смайылов атындағы жалпы білім беретін №43 орта мектебі (ресурстық орталық)" КММ директор, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы, Қазыбек би көшесі, құрылыс 14, телефон: 8/72147/91238.
3. «Жаңатоған ауылының жалпы білім беретін №14 орта мектебі» КММ директор, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылы, Ушқын көшесі, құрылыс 39, телефон: 8/72146/ 52-4-30.
4. «Айнабұлақ ауылының жалпы білім беретін №31 орта мектебі» КММ директор, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: Қарқаралы ауданы, Айнабұлақ ауылы, Тәттімбет көшесі, құрылыс 16, телефон: 8/72132/ 51-3-32.
5. «Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Егіндібұлақ ауылының «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны директор, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы, Мәди құрылыс 12, тел: 8-721-47-91-4-79.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
11) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.
Осы қағидалардың 12- тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса кандидаттың конурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Қарқаралы» газетінде) конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап, 7 жұмыс күні ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: индекс: 100800. Қарқаралы қаласы, Ә.Бөкейханов көшесі, 55, 2-қабат, 6 кабинет. тел.8(72146)31553, 8(72146)31375.
Конкурс үш кезеңде өткізіледі:
1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
2) мектептің(бөбекжай-бақшасының) қамқоршылық кеңесімен кандидаттарды келісу;
3) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу;
Білуге тиісті: Кандидаттар 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексін, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын және сондай-ақ педагогика, психология негіздерін білуге арналған тестілеуден өтеді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі Қарқаралы ауданының білім бөлімінің интернет – ресурсында орналастырылады.
Кандидаттармен әңгімелесу «Қарқаралы аудандының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді. (Қарқаралы қаласы, Ә.Бөкейханов көшесі, 55, 2-қабат, 6 кабинет). Телефон анықтамалығы: 8(72146)31553, 8(72146)31375, сайт: http://obrazovanie.karkaraly.gov.kz/
Конкурс қатысушыларының конкурс нәтижелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануына мүмкіндігі бар.
Қарқаралы ауданының
білім бөлімі.