2018 жылы 26 сәуір күні Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Жәнібеков көшесі 38 ғимарат мекен-жайы бойынша орналасқан «№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-нің ашылу салтанаты өтті. 
Түзету кабинетінің ашылу салтанатына Қарағанды облысы білім басқармасының өкілі, Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары С.Әлиұлы, Қарқаралы ауданы білім бөлімінің басшысы А.С.Елеусизов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Т.С.Садуақасов, Қарқаралы ауданының әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары Е.Ұ.Мизамбаев, мектеп директорлары, Қарқаралы қаласының жеке кәсіпкерлері, балалар мен ата-аналар, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Мекеменің мерекелік ашылу салтанатына орай Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары түзету кабинетіне компьютер сыйлады. Жеке кәсіпкер К.А.Батталов Қарқаралы қаласының жеке кәсіпкерлері атынан түзету кабинетінің директоры А.Д.Нұржановқа Led телевизор табыстады.
Мерекелік шараның екінші бөлігінде қонақтар дефектолог, логопед, массажист, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы мамандарының жұмыс кабинеттерімен танысты.
Ашылу салтанатынан кейін аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдардан келген балалар мен ата-аналар облыстық ПМПК-тің жылжымалы комиссия көмегін алуға мүмкіндік алды. 
Түзету кабинеті 0-18 жасқа дейінгі ерекше білімділік қажеттіліктері бар балаларға кешендіпсихологиялық-педагогикалық түзету көмегін көрсетеді.