«Балаларды бірге қорғайық!» Жол картасы, «Қауіпсіз Интернет»» республикалық ақпараттық кампаниясы аясында «Интернеттегі жағымсыз ақпараттардың таралуы» тақырыбында өткен кездесу
2017 жылдың 21 сәуір күні аудандық білімді дамыту орталығының әдіскері А.З.Кыстаубаева ақпараттық – түсіндірме жұмыстарын жүргізу кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату мақсатында «Балаларды бірге қорғайық!» Жол картасы және «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампаниясы аясында «Интернеттегі жағымсыз ақпараттардың таралуы» тақырыбында аудан аппаратының әлеуметтік сала және халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманының, жастар орталығы конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау секторының мамандарының, ата – аналар комитетінің мүшелері, педагог – психологтардың қатысуымен кездесу ұйымдастырып, өткізді.
Кездесу барысында жалпы компьютерді, ұялы телефондарды, смартфондарды қолданудағы жағымсыз жақтары, ондағы қауіпті ақпарат, ойындар, түрлі ағымдағы діни көзқарастардың таралуы және олардың салдары жайында сөз қозғалды. Кездесу соңында қатысушылар сөз сөйлеп, әртүрлі ұсыныс, пікірлерін айтты.









