Қарқаралы аудандық білімді дамыту орталығының әдіскері Алия Ерденовнаның ұйымдастыруымен 2017 жылдың 15 наурыз күні О.А.Жаутыков атындағы жалпы білім беретін №1 қазақ орта мектебі базасында қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, жалпы орта білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субъектілерінің құзырлылығын дамыту мақсатында аудандық «Үздік сынып жетекшісі» байқауы өтті.
Байқауға 11 үміткер қатысып, бақ сынасты. Байқауға қатысушылар эмблема таңдап, сол эмблеманың артында жасырынған сан арқылы өз реттік сандарын анықтады.
1. Ынталы ауылынының жалпы білім беретін №3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Смыкова Дария Нуркеновна. 3-сынып жетекшісі. Еңбек өтілі - 16 жыл.
2. Көктас ауылынының жалпы білім беретін №4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хуатай Айшагүл. 2-сынып жетекшісі. Еңбек өтілі - 15 жыл.
3. Тегісшілдік ауылынының жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исина Айнаш Екпиновна. 3-сынып жетекшісі. Еңбек өтілі - 29 жыл.
4. Матақ ауылынының жалпы білім беретін №15 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Долда Үміт. 6-сынып жетекшісі. Еңбек өтілі - 8 жыл.
5. Аппаз ауылынының жалпы білім беретін №18 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мәмбетәлі Балғын Мәмбетәліқызы. 5-сынып жетекшісі. Еңбек өтілі - 16 жыл.
6. Талды ауылынының жалпы білім беретін №19 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Хасанова Кәмилә Елеусізқызы. 8-сынып жетекшісі. Еңбек өтілі - 4 жыл.
7. Томар ауылынының жалпы білім беретін №22 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нурланбекова Майра Қатшыбековна. 5-сынып жетекшісі. Еңбек өтілі - 9 жыл.
8. Ақтасты ауылынының жалпы білім беретін №32 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Толеубаева Мадина Ермукановна. 4-сынып жетекшісі. Еңбек өтілі - 12 жыл.
9. Қарабұлақ ауылынының жалпы білім беретін №33 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Уразалина Айжан Сериковна. 7-сынып жетекшісі. Еңбек өтілі - 10 жыл.
10. Қоянды ауылынының жалпы білім беретін №35 орта мектептің тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ошақбаева Гулнур Мауратовна. 8-сынып жетекшісі. Еңбек өтілі - 3 жыл.
11. Қарқаралы қаласындағы Мәди Бәпиұлы атындағы жалпы білім беретін №44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жаманбаева Сандуғаш Сериковна. 3 «А» сынып жетекшісі. Еңбек өтілі - 10 жыл.
Байқаудың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырылып, алғашқы байқаудың ашылу құрметінің алғы сөзін Білімді дамыту орталығының директоры Толеубаева Гульнария Аннасовнаға берілді. Гульнария Аннасовна қатысушыларға сәттілік тілеп, оз лебізін білдірсе, Нұрсұлтан ұстаздарға «Мектебім» атты әнді тарту етті.
Қатысушылар «Мен сынып жетекшісімін» атты тақырыпта өзін-өзі таныстыру. Берілген 20 тақырып бойынша сыныптан тыс тәрбие жұмысын жаңа технологияны қолданып өткізу (мастер-класс), «Педагогика және психологияның теориясы мен әдістемесі» сынып жетекшілерінің білімдерін тексеру тесті. Бейне-роликтер байқауы (слайд-шоу). Өнерін көрсету бойынша сайысқа түсіп, өз іс-тәжірибелерімен өнерлерімен бөлісті.
Байқауға қатысушылардың өзін - өзі таныстыруы бір - біріне ұқсамады.
Дайындалған видеороликтердің мазмұны мен сапасы, жаңашылдығы бірінен - бірі асып түсіп жатты. Соңғы кезеңде сынып жетекшілері аянып қалған жоқ. Бірі ән айтса, екіншісі мықты аспаз екенін дәлелдеп бақты. Үшіншісі қолөнерімен таң қалдырды. Бірі шәкіртімен ән шырқап, көрермен ықыласына бөленді.
Алты сағаттан астам уақытқа созылған сайыс өз мәресіне жетті. Сайыс нәтижесінде және байқауға төрелік жасаған әділ қазылар алқасының шешімі негізінде Ынталы ауылынының жалпы білім беретін №3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Смыкова Дария Нуркеновна бас жүлдені, Талды ауылынының жалпы білім беретін №19 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Хасанова Кәмилә Елеусізқызы І-орынды, Қарабұлақ ауылынының жалпы білім беретін №33 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Уразалина Айжан Сериковна ІІ-орынды, Көктас ауылынының жалпы білім беретін №4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хуатай Айшагүл ІІІ-орынды иеленіп, мадақтамалар мен кәсіподақ ұйымының арнайы сыйлықтарымен марапатталса, қалған қатысушылар аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл – қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер демекпін.









