Ауданда 2015-2016 оқу жылынан бастап «Біздің айналамыздағы математика» педагогикалық жобасы жүзеге асырылуда.

Жоба жоспарына сәйкес 2-4 сынып оқушылары арасында мектептердегі дарынды балаларды анықтап, олардың зердесін кеңейтіп, математикалық әлемнің қыр – сырын жете меңгерте отырып, функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында аудандық «Дарын» зияткерлік ойынын өткізу жоспарланған. Ағымдағы жылдың ақпан айында аудандағы 27 орта мектепте осы ойынның мектепішілік бірінші және екінші кезеңдері өткізіліп, оған барлығы 1527 оқушы қатыстырылды. Мектепішілік кезең қорытындысы бойынша 78 оқушы аудандық кезеңге жіберілді.Аудандық кезең наурыз айында Қарқаралы қаласындағы О.Жәутіков атындағы № 1 қазақ орта мектебі базасында өткізіледі.